Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Құрбанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.
Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Құрбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионы
Айта кетейік, бұған дейін Құрбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.