Синоптиктердің мәліметінше, 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Дегенмен, батыс өңірлер мен оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыста кей жерлерде жауын-шашынның күшеюі және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсу ықтималдығы жоғары. Бұл көлік қозғалысына әсер етуі мүмкін, сондықтан жүргізушілерге сақ болу ұсынылады.
Ауа температурасы өңірлер бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Атап айтқанда:
Солтүстік-батыста – +17…+26 градус; Солтүстікте – +13…+20 градус; Орталықта – +12…+23 градус; Шығыста – +5…+22 градус; Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +23…+32 градусқа дейін көтеріледі; Батыста керісінше, +13…+20 градусқа дейін салқындау күтіледі.Күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынның қатар жүруі кей өңірлерде қолайсыз жағдай туғызуы мүмкін.
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды