Бангладеш Халық Республикасының Президенті Абдул Хамидтен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау жеделхаты келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Құттықтауда Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген басшылығы арқасында Қазақстан соңғы жиырма жылда әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан зор табыстарға жеткені атап өтілген.
«Бангладеш халқы Сіздің ілкімді әрі сындарлы Көшбасшылығыңызға тәнті. Мен шын ниетіммен екі ел арасындағы қарым-қатынастар өзара тиімділік жағынан алдағы жылдары да нығая береді, ал біздер татулықты, ілгерілеу мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, халықтарымыздың бақ-берекесін арттыру үшін бірлесіп жұмыс істейтін боламыз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.