• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 14:10

«Алдағы 2-3 аптада Иранға жойқын соққы жасаймыз»: Трамп соғыстың қашан аяқталатынын айтты

20 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери әрекеттердің негізгі мақсаттары орындалып жатқанын және операция жақын уақытта аяқталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы 2-3 апта ішінде Иранға жойқын соққы жасалуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

Ақ үйде сөйлеген сөзінде Трамп «Эпикалық ашу» операциясы аясында қойылған міндеттердің басым бөлігі орындалғанын атап өтті. Ол АҚШ-тың әскери мақсаттарды қысқа мерзімде толық аяқтауға жақын екенін жеткізді.

Президент егер келісімге қол жеткізілмесе, Ирандағы электр станцияларына соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті. Оның сөзінше, негізгі мақсат – нәтижеге тез жету.

АҚШ әскері Ираннан кете ме? Трамп маңызды үндеу жасайды

Сонымен қатар ол Израиль, Сауд Арабиясы және бірқатар Парсы шығанағы елдеріне қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Ормұз бұғазы мәселесіне қатысты Трамп АҚШ бұл бағыттағы мұнайға тәуелді емес екенін, сондықтан оның қауіпсіздігін сол арқылы мұнай алатын елдер қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

Трамп Иран мұнайын иемденгісі келеді

Оның айтуынша, АҚШ-та мұнай қоры Ресей мен Сауд Арабиясынан да көп, ал елдің негізгі бағыты – одақтастарға қолдау көрсету.

 
Соңғы жаңалықтар