Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері Қытайдағы Цинмин мерекесіне байланысты 5 сәуірде жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы РФ кеден қызметінің Қазақстандағы өкілдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ерекше жағдай ретінде тек «Достық» және «Алтынкөл» теміржол өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.
Жабылатын автокөлік өткізу бекеттері:
«Бақты» (Абай облысы), «Майқапшағай» (Шығыс Қазақстан облысы), «Достық» және «Нұр Жолы» (Жетісу облысы), «Қолжат» (Алматы облысы).Қытаймен шекара арқылы өтуді жоспарлаған азаматтарға, соның ішінде туристер мен тасымалдаушыларға уақытша шектеулерді алдын ала ескеру ұсынылады.
Айта кетейік, Цинмин мерекесі – қайтыс болғандарды еске алу күні, биыл 5 сәуірге сәйкес келеді. Бұл Қытайдағы дәстүрлі мереке, адамдар қайтыс болғандарды еске алып, ата-бабаларына құрмет көрсетеді. Мерекелік демалыс күндері адамдарға жұмыстан және оқудан аздап демалып, белсенді демалысқа және көрікті жерлерге баруға мүмкіндік береді.