• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 17:37

Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі кейінге шегерілді

20 рет
көрсетілді

Электр энергиясы нарығында электронды шот-фактура жазып беру мерзімі салалық ерекшеліктерге байланысты қайта қаралып, кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 11-отырысында бұған дейін қосымша талдауды қажет еткен бірқатар мәселелер қаралды.

Солардың бірі – «Электр қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ мен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС үшін электронды шот-фактураларды рәсімдеу мерзімін қайта қарау болды. Бұл мәселе бұған дейін 9-отырыста талқыланып, қосымша сараптама жүргізу қажеттілігі туындаған еді.

Digital Qazaqstan: Энергетика инфрақұрылымы онлайн жүйеге біріктірілді

Мерзімді өзгерту электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс ерекшелігімен байланысты. Нақты тұтыну деректері есептік айдан кейінгі айдың 20-сынан кейін ғана қалыптасып, қолжетімді болады. Соның салдарынан нарық қатысушылары бастапқыда алдын ала мәліметтермен құжат тапсырып, кейін нақты деректерге сәйкес түзетулер енгізуге мәжбүр.

2026 жылдан бастап түзетілген электронды шот-фактураларды міндетті түрде растау талап етілетінін ескерсек, қолданыстағы мерзімдер құжаттарды дұрыс рәсімдеуде тәуекелдер туындатуы мүмкін.

Осыған байланысты саланың ерекшеліктерін ескере отырып, ЭШФ жазып беру мерзімін ауыстыру ұсынысы қарастырылды. Талқылау нәтижесінде бұл ұсыныс қолдау тауып, жаңа мерзім есептік айдан кейінгі айдың 27-сіне дейін болып белгіленді. Тиісті өзгерістер Салық кодексіне ретроспективті түрде енгізіліп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Энергетика мен қауіпсіздік мәселесі зерделенді

Сонымен қатар отырыста тау-кен-металлургия саласындағы салықтық реттеу мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, кокстелетін көмірге пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты қолдану қаралды. Мәселенің күрделілігіне байланысты бұл бағыттағы жұмыс қосымша бір айға ұзартылып, жан-жақты зерделеу жалғасатын болды.

Соңғы жаңалықтар