• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2015

Атырауда инвестициялық жобалар іске асырылмаған аудандар бар

320 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов екі ауданда бірде-бір инвестициялық жоба іске асырылмағанын мәлім етті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Былтыр бизнес-инкубатордың инфрақұрылымын жақсартуды тапсырып едім. Орындалған жоқ. Қала, аудан әкімдері инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға көңіл бөлмей отыр. Мәселен, Исатай мен Қызылқоғада бірде-бір инвестициялық жоба жүзеге аспады. Шағын және орта бизнесті қолдауда Құрманғазы ауданы қалыс қалды» деп мәлім етті жұртшылық алдындағы есеп беру жиынында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.
Соңғы жаңалықтар