АСТАНА. 27 наурыз. АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласының Манхэттендегі Ист-Виллидж ауданында газдың жарылуы салдарынан үш тұрғын үй қирап қалды, тағы төрт үйге елеулі залал келтірілді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Мұндай мәліметтерді мегаполистің төтенше жағдайлар қызметінің ресми өкілдері жариялады. Олардың ақпары бойынша, оқиғаның салдарынан 19 адам зардап шеккен.
Өрт сөндірушілер бірқатар учаскелерде өртті толық сөндіре алмаған. Алайда, бүлінген үйлердің бірде-бірінде қазір адам қалмаған. Зардап шеккендердің бәрі ауруханаларға жатқызылған. Олардың төртеуінің жағдайлары ауыр саналып отыр. Аудан бұрынғысынша қоршауда тұр.
Мұрат Айтқожа.
Мәнбе, сурет: ТАСС.