• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2015

Ұлттық банк қызметіне өзгерістер енгізіледі

259 рет
көрсетілді

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайы­мы Гүлжан Қарақұсованың жетекшілігімен «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екін­ші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Ұлттық банкінің қызметі мәселелері ­бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасының тұсаукесері болды. Заң жобасы бойынша Қа­зақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов баян­дап берді. «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­малық актілеріне екінші дең­гейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен актив­тері, қаржылық қызмет­тер көрсету және қаржы ұйым­дары мен Ұлттық банктің ­қыз­меті мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Қазақстан Үкіметінің 2014 жыл­ғы 31 желтоқсандағы №1421 қау­лысымен бекітілген Қазақ­стан Үкіметінің заң жобалау жұ­мыстарының 2015 жыл­ға ар­налған жоспарының 9-тарма­ғына сәйкес әзірленген. Заң жобасы Қазақстан Рес­публикасының 4 кодексіне және Қазақстан Республикасының 17 заңына өзгерістер енгізуді көздейді. Ал заң жобасының мақсаты қаржылық қызмет­тер­ді тұтынушылардың құқық­тарын қорғаудың барабар дең­гейі кезінде елдің қаржы сек­торының орнықтылығын қам­тамасыз ету болып табылады. Заң жобасының негізгі ере­желері екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін активтерімен жұмыстың қо­сымша тетіктерін және жағ­­дайларын жасауға, Ұлт­тық банктің функциялары мен өкілеттіктерін оңтай­ландыруға, қаржы нарығы­ның инфра­құ­рылымын дамыту­ға, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған. Құжатта қарыз алушының жеке тұлғаның берешегінің өсуін болдырмау мақсаты және олардың барынша хабар­дар болуы мен кредиттер беру талаптарының айқын­ды­лығын ойластырған. Екінші дең­гей­дегі банктердің жұмыс істемейтін активтерімен жұмыс бойынша қосымша тетіктер мен жағдайлар жасау қарастырылған. Ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру ­бойынша талаптар да көр­сетіліп, әлеуметтік-эконо­ми­калық салдарлар ескерілген. Заң жобасының таныстырылымында баяндамашыға Мәжіліс депутаттары А.Со­ло­вьева, Ж.Дүйсебаев, Н.Жазыл­беков, М.Айсина, А.Беке­­нов, Е.Каппель сұрақтар қой­ды. Жұ­мыс тобына жетек­ші­лікке депутат Нұртай Сабильянов бекітілді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.