• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 13:49

Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?

30 рет
көрсетілді

20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогі өтеді. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесіне 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатыспақ, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 боксшы, ал Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.

Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты

Биылғы жарысқа қатысатын боксшылар тізімі:

Ерлер

50 келіде – Даниял Сәбит; 55 келіде – Бағлан Кенжебек; 60 келіде – Жансері Көшербаев; 65 келіде – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы; 70 келіде – Фарух Тоқтасынов; 75 келіде – Санжарәли Бегалиев; 80 келіде – Диас Молжігітов; 85 келіде – Сұлтан Айбарұлы; 90 келіде – Дәулет Төлемісов.

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан басым түсті

Әйелдер

51 келіде – Алуа Балқыбекова; 54 келіде – Назым Қызайбай; 60 келіде – Виктория Графеева; 65 келіде – Аида Әбікеева; 70 келіде – Наталья Богданова; 80 келіде – Жібек Жарасқызы; +80 келіде – Валерия Аксенова.

Айта кетейік, Бразилия өз тарихында екінші рет әлем кубогі кезеңін қабылдайды. 2025 жылы қазақстандық боксшылар 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар