9 сәуір күні Атырау облысында полиция қызметкерлері түйе ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Қаскөйлер әдейі жайылым аймақтарына шығып, жайылып жүрген малды бақылауға алған. Түнгі уақытта жануарларды айдап әкетіп, жүк көлігімен Маңғыстау облысында сатуды көздеген. Қазір топтың ондаған бас мал ұрлығына қатысы дәлелденді. Келтірілген шығын 10 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленіп, сатылуына жол берілмеді.
Мал ұрлығы тыйылмай тұр
Өңір полициясы барлық күдікті ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді. Айта кетейік, мал ұрлығы үшін мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Мал ұрлығының алдын алу өзекті