• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2015

Сауд Арабиясы мен оның одақтастары Йеменді соққылап жатыр

389 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 наурыз. Сауд Арабиясы мен оның одақтастары Йеменді бомбылауды жалғастырып жатыр. Бұл туралы «Коммерсантъ» хабарлады. Хабарланғандай, араб коалициясының хуситтерге қарсы әскери операциясы қарсыластың ондаған адам құрбан еткен. «Сауд Арабиясы мен оның одақтастары елдің астанасы Сана қаласына әуеден соққы беріп, Йеменге қарсы әскери операциясын жалғастыруда. Йеменнің денсаулық сақтау министрлігі ондаған адамның өліп, жараланып қалғандарын, арасында бейбіт тұрғындардың да бар екенін мәлімдеді», - делінген хабарламада. Йеменнің денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен жергілікті басқа да шенеуніктердің мәліметтеріне сүйенген бұқаралық ақпарат құралдары әскери операцияның алғашқы күнінің өзінде 40-тан 65-ке дейінгі адам санының құрбандыққа ұшырағанын жазып отыр. Еске сала кетейік, соңғы айларда Йемен территориясының жарты аумағы елдің президенті Мансур Хадиге қарсы соғыс әрекеттерін жасап жатқан және Иранның қолдауына ие болған шиит тобырлары – хуситтердің қолдарына көшкен болатын. Ал 26 наурыз күні Иранның мұсылман әлеміндегі бірінші қарсыласы – Сауд Арабиясы көрші Йемен жерінде «Шешімділік дауылы» деп аталатын әскери операциясын бастады. Әзірге сөз бірөңкей әуеден соққы жасау операциясы туралы ғана болып отыр. Әзірге олар Йеменнің астанасы – Сана қаласындағы аэропорт пен әскери нысанға, елдің солтүстігіндегі Саада провинциясына беріліп жатыр. Наурыздың 27-сі күні түнде астананың оңтүстігіндегі республикалық гвардияға, ішкі істер әскерлері штабына тағы соққы жасалған, әуе шабуылына сондай-ақ шиит бүлікшілерінің Саададағы және Лахдждағы лагерьлері мен басқару пункттері де ұшыраған. Бейсенбі күні кешке Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының халықаралық операциясын Араб мемлекеттері лигасы сыртқы істер министрлігінің кеңесі қолдады. Бұдан бұрын бұл коалицияға Кувейт, Бахрейн, БАӘ және Катар қосылды, содан кейін Иордания, Пәкстан, Египет және Судан әскери операцияны бұдан әрі қолдап әкетуге дайын екендерін мәлімдеді. Бүгін Йемен президенті Хадидің елден кетіп, Сауд Арабиясына келіп алғаны белгілі болды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Йемендегі жағдайға түсіндірме бере келіп, шиеленісті бейбіт жолмен шешуге шақырды және оны Украинада болған жағдаймен салыстырды. Ресей министрінің пікірінше, «екіжүзділік стандарт» ұстанған АҚШ бұл жерде елден қашып кеткен Йеменнің президентіне қолдау көрсетеді де, оны дәл сондай ахуалға тап болған Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичке жасамайды. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Коммерсантъ.