• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2015

Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысын қабылдады

202 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 тамыз. Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында ұлттық компанияға зор жауапкершілік артылатынына назар аударды. Қазақстан Президенті қойылған міндеттердің ауқымдылығын айта келіп, оларды дер кезінде және сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Ахметжан Есімов алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.