• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:40

Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты

30 рет
көрсетілді

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогінің бірінші кезеңі жалғасып жатыр. 1/8 финалдық кезеңде Қазақстан құрамасының үш өкілі шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

51 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Болгария спортшысы Златислава Чукановамен кездесіп, 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті.

65 келіге дейінгі салмақта тағы бір әлем чемпионы Аида Әбікеева Чехия өкілі Виктория Жилкованы 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты.

Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбайға құнды сыйлықтар табыс етілді

Ерлер арасындағы 65 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Франция өкілі Уго Граумен жұдырықтасып, тартысты өткен жекпе-жекте 2:3 есебімен қарсыласына жол берді.

Боксшы Мұхаммедсабыр Коротков турнирінің қола жүлдегері атанды

Осылайша Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева Әлем кубогінің ширек финалына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар