• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2015

Қостанайда жүрдек пойыз трактор тіркемесімен соғысып қалды

471 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 17 тамыз. Қарабалық ауданындағы теміржол өткелінде №39 Санкт-Петербург-Астана жолаушылар пойызы трактор тіркемесімен соқтығысып қалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл оқиға №39 Санкт-Петербург-Астана жолаушылар пойызы Қарабалық ауданындағы Қайрақ-Медет бекеттері аралығында теміржол өткеліне келгенде орын алды. Пойыз 13 вагоннан тұрады. Соның салдарынан пойыз өз кестесінен 2 сағат 4 минутқа кешікті. Ол кешкі сағат 20 сағат 58 минутта бағытымен жүріп кетті. Бұл оқиғаның өзге пойыздар қозғалысына  кедергісі болған жоқ. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар