• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №124

259 рет
көрсетілді

2015 жылғы 11 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылы өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылы өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін. 2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) және «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп: 1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жарты жылда бiр рет, жартыжылдықтың алғашқы айының жиырмасыншы күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылы өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары Ағымдағы жағдайды талдау Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) қабылданды. ҮИИДМБ алдын ала қорытындысы оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер еткенін айғақтайды. 2008 – 2013 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосылған құны көлемінің өсуі 25,8 %-ды құрады (1,8 ден 3,8 трлн. теңгеге дейін). Ұқсас кезең ішінде өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігінің өсуі 158,5 %-ды құрады, 37,3-тен 57,5 мың АҚШ долл/адам. дейін1. Бұл ретте 2013 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 5 852,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тамақ өнеркәсібі 1 172,6 млрд. теңге (20 %), машина жасау – 859,2 млрд. теңге (14,5 %), химия өнеркәсібі – 185,9 млрд. теңге (3 %)2. Өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы ЖҚҚ нақты өсуі өңдеу өнеркәсібінің үлесі Әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу, қолайлы макроэкономикалық орта және саяси тұрақтылық сияқты бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторларының арқасында орын алды. Бұл ретте перспективада ел экономикасы бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуы және «орташа табыс тұзағында» қалуы мүмкін3. Айталық, оң үрдістерге қарамастан, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны төмендеуде (2013 жылы – 1,9 %, ал 2010 жылы – 13,9 %). ЖІӨ-нің озыңқы өсуі есебінен оның құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2008 жылы 11,8 %-дан 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 10,7 %-ға дейін төмендеді. Бұдан басқа, шикізаттық емес өнімнің экспорт құрылымындағы үлесі ұқсас кезеңде 28 %-дан 24 %-ға дейін қысқарған. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің өсу қарқынының баяулауы елдегі инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен бірге жүрді. Айталық, соңғы бес жыл ішінде негізгі капиталға инвестициялардың жылдық өсу деңгейі 14,8 %-дан 6,9%-ға дейін қысқарды4. Бұл ретте 2013 жылы инвестициялық салымдардың ең көп көлемі өткен жылдардағыдай тау-кен өндірісіне тиесілі (негізгі капиталға барлық инвестициялардың 29 %-ы). Негізгі капиталға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорынның меншікті қаражаты болып отыр (59 %), ал нарықта ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің жетіспеушілігі байқалады. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылдың бірінші жартысында қабылдаған шаралар өңдеу өнеркәсібі секторында жағымды өзгерістерге әсер етті. Осылайша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҰБ) ресми мәліметтері бойынша 2014 жылдың жаз кезеңінде өңдеу өнеркәсібіне берілген кредиттердің көлемі өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 2,8 %-ға артты. Сонымен қатар, 2014 жылғы маусым – тамызда берілген өңдеу өнеркәсібінің ұзақ мерзімді кредиттері өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге асып түсті5. Дегенмен, жалпы кредит қоржынының құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тек 6,8 % тиесілі, ал ҚР ҰБ зерттеуінің деректері бойынша өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарында кредитке деген қажеттілік тұтастай экономика бойынша алғанда жоғары. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өңдеу өнеркәсібі үшін инвестицияларға болжамды қажеттілік шамамен 6,6 трлн. теңгені құрайды. Өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеуіне қолдау көрсетін қызметтер көрсету салаларын дамыту мәселесі де маңызды болып табылады. Оған көлік және логистика, коммуникация, техникалық сынақтар және ғылыми зерттеулер, мамандандырылған техниканы жалдау, буып-түю және т.б. жатады. 2014 жылғы 9 айдың деректері бойынша бұл секторларда негізгі қаражатқа инвестиция салудың теріс қарқыны байқалады (көлік және қоймаға жинау бойынша – 15 %, ақпарат және байланыс бойынша – 17 %). Осылайша, өңдеу өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі үшін қызмет көрсететін секторлар үшін ұлттық валютада кредит қаражатының қолжетімділігін арттыру қажеттілігіне байланысты кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыру және негізгі қорларды жаңарту қажеттілігін ескеретін қаржы құралдарын бөлу бойынша мемлекеттің қосымша шаралар қабылдауының қажеттігі байқалады. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) 2015 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай бағыттар бойынша қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды: бірінші бағыт: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ) Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия тізбесін мақұлдаған екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – ЕДБ) өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ШОКС) қаржыландыру, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру, ЕДБ қарыздары бойынша айналым қаражатын толықтыру, өңдеу өнеркәсібінде жаңа жобаларды қаржыландыру үшін кредит береді (бұдан әрі – бірінші бағыт); екінші бағыт: «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚДБ» АҚ) өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ІКС) қаржыландыру, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілеріне берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру, өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілеріне берілген ЕДБ қарыздары бойынша айналым қаражатын толықтыру, өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобаларды қаржыландыру үшін ЕДБ-ға банкаралық кредит беруі (бұдан әрі – екінші бағыт). Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесін айқындайды. Жалпы ережелер Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруды жалғастыра отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР ҰБ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) өңдеу өнеркәсібінде ШОКС-ты және ІКС-ті кейіннен қаржыландыру, оның ішінде бұрын берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру, ШОКС-тың және ІКС-тің айналым құралдарын және жаңа жобаларын қаржыландыру үшін ЕДБ қаржыландыру бойынша қосымша шаралар қабылдайтын болады. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – ҚР ҰҚ) қаражатынан жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін ШОКС-ты және ІКС-ті қосымша қаржыландырудың жалпы көлемі 100 миллиард теңгені құрайды. Жыл ШОКС жобалары ІКС жобалары 2015 50 млрд. теңге 50 млрд. теңге Осы мақсаттар үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мынадай шарттарда 100 млрд. теңге сомасына облигациялар шығару арқылы ҚР ҰҚ-дан қарыз алуды жүзеге асырады: Шығару жылы 2015 ҚР ҰҚ қаражатынан орналастыру көлемі 100 млрд. теңге Купон мөлшерлемесі жылдық 0,1% Өтеудің кiрiстiлiгi жылдық 0,1% Облигациялардың айналыс мерзiмi облигациялардың айналысы басталған күннен бастап 20 жылға дейін Облигациялық қарызды өтеу мерзімі эмитенттің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен айналыс мерзімінің соңында Облигацияларды орналастырғаннан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бірінші бағыт бойынша шараларды іске асыру үшін «Даму» КДҚ» АҚ-пен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредиттік шарт жасасады және «Даму» КДҚ» АҚ-на мынадай шарттарда кредит береді: 1) кредит сомасы – 50 млрд. теңге; 2) мерзімі – кредиттік шартқа қол қойылған күннен бастап 20 жылға дейін; 3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,15 %; 4) «Даму» КДҚ» АҚ бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен жасалған кредиттік шарт жағдайларына сәйкес мерзімнің аяғында қаражатты бір сомамен өтеу. Облигацияларды орналастырғаннан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ екінші бағыт бойынша шараларды іске асыру үшін «КДБ» АҚ-пен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қарыз шартын жасасады және «ҚДБ» АҚ-на мынадай шарттарда кредит береді: 1) кредит сомасы – 50 млрд. теңге; 2) мерзімі – кредиттік шартқа қол қойылған күннен бастап 20 жылға дейін; 3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,15 %; 4) «ҚДБ» АҚ бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығымен жасалған қарыз шарты жағдайларына сәйкес мерзімнің аяғында қаражатты бір сомамен өтеу. Қаражатты екінші деңгейдегі банктерде шартты орналастырудың талаптары мен тетіктері 1. Мемлекеттік комиссия 2015 жылға ЕДБ тізбесін және олардың лимиттері сомаларын бірінші және екінші бағыттар бойынша мақұлдайды. 2. «Даму» КДҚ» АҚ, «ҚДБ» АҚ және ЕДБ осы Жоспарды іске асыру шеңберінде ҚР ҰҚ-дан бөлінетін қаражаттан төлемдер жүргізу үшін ҚР ҰБ-да жеке банктік шоттар ашады. 3. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Даму» КДҚ» АҚ-ның және «ҚДБ» АҚ-ның ҚР ҰБ-дағы жеке банктік шотына жасалған кредиттік шарттың және қарыз шартының талаптарына сәйкес қаражат сомасын орналастырады. 4. «Даму» КДҚ» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ЕДБ-мен мынадай шарттарда кредиттік келісімдер жасасады: 1) Мемлекеттік комиссия мақұлдаған лимиттер шегінде қамтамасыз етусіз ҚР ҰБ-да ЕДБ-ның жеке банктік шоттарында кредит қаражатын орналастыру; 2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 %-дан аспайды; 3) ЕДБ-ның кредит беру мерзімі – 20 жылға дейін; 4) қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап ЕДБ-ның кредиттік қаражатты игеру мерзімі: инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттер бойынша – 12 ай; айналым қаражатын толықтыру және бұрын берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру мақсаттарына берілетін кредиттер бойынша – 6 ай. 5) ЕДБ-ға кредит беру валютасы – теңге; 6) ЕДБ үшін «Даму» КДҚ» АҚ-дан қаражат тарту мөлшерлемесі мен ШОКС-қа кредит беру мөлшерлемесі арасындағы айырма жылдық 4,0 %-дан аспауы тиіс; 7) «Даму» КДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында жасалған кредиттік келісім шеңберінде: Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-дан аспайтын үлесін ШОКС-қа берілген қарыздарды қайта қаржыландыру үшін ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды; Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-дан аспайтын үлесін ШОКС-тың айналым қаражатын толықтыру мақсаттары үшін ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды; Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 50 %-дан аспайтын үлесін ШОКС-тың жаңа жобаларын қаржыландыру үшін ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды; Бұл ретте, Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 25 %-ын ШОКС-тың тамақ өнеркәсібіндегі жобаларын қаржыландыру және қайта қаржыландыру үшін ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды. 5. «ҚДБ» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ЕДБ-мен мынадай шарттарда банктік қарыз шартын жасасады: 1) Мемлекеттік комиссия мақұлдаған лимиттер шегінде қамтамасыз етусіз ҚР ҰБ-да ЕДБ-ның жеке банктік шоттарында кредит қаражатын орналастыру; 2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 %-дан аспайды; 3) ЕДБ-ның кредит беру мерзімі – 20 жылға дейін; 4) қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап ЕДБ-ның кредиттік қаражатты игеру мерзімі: инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттер бойынша – 18 ай; айналым қаражатын толықтыру және бұрын берілген ЕДБ қарыздарын қайта қаржыландыру мақсаттарына берілетін кредиттер бойынша – 6 ай. 5) ЕДБ-ға кредит беру валютасы – теңге; 6) ЕДБ үшін «ҚДБ» АҚ-дан қаражат тарту мөлшерлемесі мен ІКС-ке кредит беру мөлшерлемесі арасындағы айырма жылдық 4,0 %-дан аспауы тиіс; 7) «ҚДБ» АҚ мен ЕДБ арасында жасалған банктік қарыз шартының шеңберінде: Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-дан аспайтын үлесін ІКС-ке берілген қарыздарды қайта қаржыландыру үшін ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды; Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-дан аспайтын үлесін ІКС-тың айналым қаражатын толықтыру мақсаттары үшін ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды; Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 50 %-дан аспайтын үлесін ІКС-тың жаңа жобаларын қаржыландыру үшін ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды; 6. ЕДБ орналастырылған кредит қаражатын мақсатты пайдалану және игеру бойынша «Даму» КДҚ» АҚ мен «ҚДБ» АҚ алдында есеп береді. ЕДБ-ның есептер беру тәртібі, нысаны және мерзімділігі, сондай-ақ осы Жоспарда көзделмеген ЕДБ-ның кредиттер беруінің өзге шарттары тиісті кредиттік келісіммен, банктік қарыз шартымен белгіленеді. ЕДБ-ға бөлінетін қаражатты Мемлекеттік комиссия айқындаған ШОКС және ІКС жобаларын қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесіне енбейтін жобаларды іске асыруға жіберуге тыйым салынады. ЕДБ-ға бөлінетін қаражатты қаржы құралдарына инвестициялауға және/немесе олармен операциялар жүргізуге, сондай-ақ шетелдік валютаны сатып алу үшін валюта нарығына бағыттауға тыйым салынады. ЕДБ ай сайынғы негізде кәсіпкерлік субъектілерінің бұрын берілген қарыздарын өтеу есебінен босатылған қаражатты ҚР ҰБ-дағы өзінің жеке банктік шоттарына есепке жазуды жүзеге асырады. ЕДБ кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды, оның ішінде кредиттік келісімнің, банктік қарыз шарттарының және Жоспардың осы бөлімінің 8 және 9-тармақтарының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне бұрын берілген қарыздар бойынша қайтарылған қаражат есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады. 7. ШОКС және ІКС жобаларын қаржыландыру шеңберінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі ҚР ҰБ талаптарына сәйкес айқындалады. Кәсіпкерлік субъектілерінің қарыз бойынша міндеттемелерді бұзу себебінен алып қойылатын комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа төлемдерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінің қарызына байланысты комиссиялар, алымдар және/немесе өзге төлемдер алынбайды. ШОКС және ІКС мүлікті бағалау және сақтандыру бойынша шығыстарды төлейді. 8. ЕДБ бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланған және/немесе уақтылы игермеген жағдайда, «Даму» КДҚ» АҚ және «ҚДБ» АҚ тиісті кредиттік келісімді, банктік қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзуға және жоғарыда аталған бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты кері қайтарып алуға құқылы. Босатылған және кері қайтарылып алынған қаражатты ЕДБ арасында қайта бөлу бойынша мәселе Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарылады. 9. Даму» КДҚ» АҚ мен ЕДБ арасында жасалған кредиттік келісімдер, «ҚДБ» АҚ мен ЕДБ арасында жасалған банктік қарыз шарттары бойынша қарыздарды ЕДБ мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, аталған қаражатты қайталап пайдалану Мемлекеттік комиссияның тиісті шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары 1. Нысаналы топ – бірінші бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын ШОКС. 2. Мыналар: 1) акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларды іске асыратын; 2) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ШОКС, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар қатысушылар бола алмайды. 3. ШОКС-тың мақұлданған өтінімдеріне кредит беру мақсатында ЕДБ ҚР ҰБ-дағы ЕДБ-ның жеке банктік шотынан қаражатты есептен шығару үшін қажетті сомаларды «Даму» КДҚ» АҚ-мен алдын ала келісуді жүзеге асырады. 4. Кредиттер ШОКC-қа мақсатты пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарымен беріледі, оның ішінде: 1) ҚР ҰҚ қаражатының есебінен берілген барлық кредиттер үшін бір ШОКС-қа берілетін қаржыландырудың ең жоғары лимиті – 1850000000 теңге; 2) кредит беру мерзімі: жаңа жобаларға және ШОКС-тың қолданыстағы инвестициялық қарыздарын қайта қаржыландыруға – 10 жылдан аспайды; айналым қаражатын толықтыруға және айналым қаражатын толықтыру мақсатында берілген қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыруға – 5 жылдан аспайды; 1) ШОКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,0 %-дан аспайды; 2) кредит беру валютасы – теңге. Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары 1. Нысаналы топ – екінші бағыт бойынша өңдеу өнеркәсібінде жобаларды іске асыратын ІКС. 2. Мыналар: 1) акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларды іске сыратын; 2) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ІҚС қатысушылар бола алмайды. 3. ІКС-тің мақұлданған өтінімдеріне кредит беру мақсатында ЕДБ ҚР ҰБ-дағы ЕДБ-ның жеке банктік шотынан қаражатты есептен шығару үшін қажетті сомаларды «ҚДБ» АҚ-мен алдын ала келісуді жүзеге асырады. 4. Кредиттер ІКC-ке мақсатты пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарымен беріледі, оның ішінде: 1) ҚР ҰҚ қаражатының есебінен берілген барлық кредиттер үшін бір ІКС-ке берілетін қаржыландыру лимиті – 200000000 теңгеден 5000000000 теңгеге дейін; 2) кредит беру мерзімі: жаңа жобаларға және ІКС-тың қолданыстағы инвестициялық қарыздарын қайта қаржыландыруға – 10 жылдан аспайды; айналым қаражатын толықтыруға және айналым қаражатын толықтыру мақсатында берілген қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыруға – 5 жылдан аспайды. 3) ІКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,0 %-дан аспайды; 4) кредит беру валютасы – теңге; 5) инвестицияларға кредит беру бойынша негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдікті кезең – түпкілікті қарыз алушының кредитті игеруді бастаған күнінен бастап 24 айдан аспайды. Екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар 1. Халықаралық рейтинг агенттігі берген кредит рейтингінің «В–» төмен болмауы. 2. Қазақстан Республикасының кемінде 5 өңірінде филиалдар желісінің болуы. 3. Негізгі қарыз және (немесе) қарыз қаражатын беру күніне есептелген сыйақы бойынша 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен берешегі бар кредиттер деңгейі 15 %-дан жоғары ЕДБ үшін ҚР ҰБ-мен жеке келісім жасасу талабы қосымша белгіленеді. Жеке келісімде ЕДБ-ның негізгі қарыз және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 күннен асып кеткен берешегі бар кредиттер деңгейін ҚР ҰБ белгілеген мерзімде 15 %-ға дейін төмендету міндеті көзделетін болады. ЕДБ жеке келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда, қаражатты «Даму» КДҚ» АҚ-ға және «ҚДБ» АҚ-ға қайтару көзделеді. Мониторинг 1. «Даму» КДҚ» АҚ және «ҚДБ» АҚ осы Жоспарды іске асыруға қатысатын ЕДБ қаржылық-экономикалық жағдайына талдауды тұрақты негізде жүзеге асыратын болады. 2. «Даму» КДҚ» АҚ және «ҚДБ» АҚ: 1) ЕДБ-ның қаражатты мақсатты пайдалануы мен уақтылы игеруіне; 2) ШОКС және ІКС алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыратын болады. 3. ЕДБ «Даму» КДҚ» АҚ-ға, «ҚДБ» АҚ-ға қаражатты игеру туралы есептерді тұрақты негізде жіберетін болады. Есепті беру нысаны мен мерзімдері тиісті кредиттік келісімде, банктік қарыз шартында көрсетіледі. «Даму» КДҚ» АҚ және «ҚДБ» АҚ осы тармақтың талаптарына сәйкес ЕДБ-ден алынған ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкімімен құрылған ҚР ҰҚ-дан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға береді. 4. ЕДБ қаржыландырылған субъектілерге мониторинг жүргізеді. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісінің қаржыландырылған әрбір жобасы бойынша жеке кредит дерекнамасы жүргізіледі, онда кәсіпкерлік субъектісінің қаражатты мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталуы тиіс. 5. «Даму» КДҚ» АҚ және «ҚДБ» АҚ осы Жоспар шеңберінде бөлінетін қаражат бойынша ЕДБ-ның төлем тәртібін қадағалайтын болады. 6. «Даму» КДҚ» АҚ және «ҚДБ» АҚ Комиссияға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін көлемде ҚР ҰҚ-ның ЕДБ-дағы қаражаты есебінен қарыздар алған түпкілікті қарыз алушылар, сондай-ақ ЕДБ-ға кредит алу үшін өтініш білдірген кәсіпкерлік субъектілері және ЕДБ-дан кредит беру туралы оң шешім алған кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпарат береді. ------------------------------------ 1 «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның көрсеткіштері» статистикалық бюллетені (http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/publicationsGPFIIR) 2 «Қазақстанның және оның өңірлерінің өнеркәсібі» статистикалық жинағы (http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/publicationsCompilations) 3 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасы 4 «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет туралы» статистикалық бюллетені (http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersInvestment) 5 ҰБ статистикалық бюллетені (http://www.nationalbank.kz/?docid=310)