• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 15:22

Бабақұмаров ісіне қатысты үкім шықты: Шенеуніктің өліміне кінәлі адам 11 жылға сотталды

100 рет
көрсетілді

Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды. Бұл туралы елорданың қылмыстық істер жөніндегі соты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сот үкіміне сәйкес, айыпталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген.

Іс жабық режимде қаралғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді.

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты

Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров Астанада болған төбелес кезінде қаза тапқаны хабарланған еді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу аяқталған соң іс сотқа жолданып, сот процесі биылғы қаңтар айында басталып, жабық форматта өткен.

Соңғы жаңалықтар