• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2015

Қызылордалық полицейлер айналымнан алынған қаруды жойды

331 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 тамыз. Қызылордалық полицейлер азаматтардан тәркіленген қару, оқ-дәрі және суық қаруларды айналымнан алып тастау мақсатында қару жою науқанын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Арнайы мақсаттағы техникалық комиссия құрылып, құрамына облыстық ішкі істер департаментінің тиісті сала қызметкерлері мен Қызылорда облыстық прокуратурасының өкілі қатыстырылды. 2015 жылдың ІІІ тоқсанында жойылатын қаруларға жарамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 90 бірлік қару, атап айтқанда, 72 тегіс ұңғылы қару мен 18 газды травматикалық қару жойылды. Айта кетерлік жайт, осы жылы заңсыз айналымнан алынған атыс қарулары 3-ші рет жойылып отыр. Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 171 қаруға белгіленген тәртіпке сай жою процесі жүргізілді. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: vk34.ru.