• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2015

Сыр өңірінде тағы есірткі алқабы табылды

241 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 тамыз. Қызылорда облысының ішкі істер департаменті мен Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде тағы бір есірткі алқабы анықталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Арал ауданы, Жіңішкеқұм мен Қарақұм елдімекендерінің аралығындағы құмдардың арасында есірткі алқабында егіп-баптау жұмыстарымен айналысып жатқан 26 және 19 жастағы Байқоңыр қаласының екі тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында, аталған азаматтар жалпы салмағы 232 кило 96 грамды құрайтын 416 түп сора өсімдігін ірі мөлшерде өсіргендігі анықталды. Анықталған 416 түп сора өсімдігінің 396 түбі өртеу жолымен жойылса, 20 дана түбі сот-сараптамалық тексеріске жолданды. Сонымен қатар, аталған аумақта орналасқан күркеден 31 түп кептірілген жасыл түсті өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат және сора өсімдігінің тұқымы, құрал-саймандар айғақ зат ретінде алынды. Ержан Байтілес. Дерек: egemen.kz. Сурет: ҚазАқпарат.