АСТАНА. 27 маусым. Қазақстан Президенті Кувейт Мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахқа Әл-Кувейт қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Көңіл айту жеделхатында Мемлекет басшысының Әл-Кувейттегі террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз жандар қаза тапқаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Біз дүниежүзілік қоғамдастықтың халықаралық экстремизм мен терроризм қатеріне қарсы күрестегі күш-жігері мен қадамдарын толық қолдаймыз», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, бауырлас Кувейт халқына көңіл айтып, жапа шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: akorda.kz.