• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 17:00

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

30 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор, «Жер аманаты» партиялық комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Теміржанов соңғы 4 жылда 14,8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылғанын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жерді қайтару жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағыттағы шаралар Комитет пен аумақтық бөлімшелердің, құқық қорғау органдарының және «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы комиссиясының қатысуымен кешенді түрде атқарылып келеді.

Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды

Мұрат Теміржановтың айтуынша, мемлекетке қайтарылған 14,8 млн гектар жердің 10,8 млн гектары қайта бөлінген. Оның ішінде:

– 6,7 млн гектар жер конкурс арқылы берілген; – 4,1 млн гектар жер ортақ пайдалануға бекітілген.

Сонымен қатар бұрын игерілмей келген 5,2 млн гектар жер тиісті шаралардан кейін қайтадан шаруашылық айналымға енгізілген.

82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды

Жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жалпы көлемді бақылау аясында 7 100-ден астам тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 5 300-ден астам бұзушылықты жою туралы нұсқама берілген.

Ведомство мәліметінше, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – жер ресурстарын тиімді пайдалану, бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету және жерді экономикалық айналымға тарту.

Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Соңғы жаңалықтар