Өскемендегі «Казцинк» зауытында болған жарылыс салдарынан бес адам әртүрлі жарақат алды. Оқиға 5 мамырда таңғы сағат 08:15 шамасында металлургиялық пешті күтіп-жөндеу кезінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Зауыттың әкімшілік директоры Андрей Лазаревтің айтуынша, жарылыс түтінсорғыш пен құбыр жүйесінде металл шаңын күтіп-жөндеу кезінде болған. Ол оқиға Өскеменнің экологиялық жағдайына әсер етпегенін атап өтті.
Өскемендегі жарылыс: Зауытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Үкімет пен өңір билігінің әрекетіӨскеменде Премьер-министрдің тапсырмасымен жедел штаб отырысы өтті.
Құтқару жұмыстары жалғасуы керек, үйінділер астында адамдар қалуы мүмкін; ТЖМ қызметкерлері оқиғаның салдарын толық жою қажет; Жарылыстың нақты себебін анықтау үшін аралас ведомствоаралық комиссия құрылады.Сондай-ақ, еңбек инспекциясы мен экология департаментіне арнайы комиссиялар құру міндеттелді, зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі.
Өскемендегі жарылыс: Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды
Өндірістің келесі кезеңі және бақылау Өндірісті қайта бастау туралы шешім жағдай бағаланғаннан кейін қабылданады. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бақылау арттырылады. Өңір әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр.«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады