• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2015

Мемлекет басшысы Тунис Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

325 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 маусым. Елбасы Тунис Республикасының Президенті Беджи Каид Ас-Себсиге Сус қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Көңіл айту жеделхатында Мемлекет басшысының Сус қаласында болған террористік акт салдарынан көптеген Тунис және шетел азаматтарының қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Қазақстан барша әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризмді үзілді-кесілді айыптайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, барша Тунис Республикасының халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: akorda.kz.