• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:54

Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты

50 рет
көрсетілді

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы ерлер санына қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, елімізде тұратын ер азаматтардың саны 10 044 673 адамды құрайды.

Жас ерекшелігі бойынша ерлердің үлесі:

0-15 жас – 30,2%; 16-60 жас – 56,5%; 61 жастан жоғары – 13,3%.

Ер адамдар ең көп тұратын өңірлер:

Алматы – 1,1 млн; Түркістан – 1,1 млн; Алматы – 806,5 мың; Астана – 785,4 мың

Қазақстандағы ер азаматтардың орташа жасы – 31,1 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 72,19 жас.

2025 жылғы дерек бойынша, жұмыспен қамтылған халықтың 51,6%-ын немесе 4,8 млн ер адамды ерлер құрайды. Оның ішінде жалдамалы қызметкерлер арасындағы үлесі – 50,6%, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы үлесі – 55,1%.

Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:

Өнеркәсіп – 16,5% Көтерме сауда – 14% Ауыл шаруашылығы – 12,4% Көлік және қоймалау – 11,1%

Сонымен қатар ер азаматтар жеке кәсіпкерлердің 54,7%-ын құрайды.

Ең көп жұмыс істейтін ер адамдар 35-44 жас аралығында. Бұл санатта 1,4 млн адам бар.

Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда ұл балаларға ең жиі қойылған есім – Алан. Бұл есім 817 балаға берілген. Одан кейінгі танымал есімдер қатарында Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан бар.

Соңғы жаңалықтар