• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2015

«Мәскеу» және «Сайран» метро стансалары сынақтан өтуде

556 рет
көрсетілді

Алматылықтар үшін алтын  уақытты үнемдеп, жолды қысқартып, көлік кептелістерін азайтып, ауаны тазартуда септігі өлшеусіз метрополитен құрылысында маңызды оқиғалар орын алуда. Мегаполисте метроның «Мәскеу» және «Сайран» бекеттерінде барлық жүйелерді байқап көру және тексеру жұмыстары аяқталып қалды. Ал жаңа метро стансалары жолаушылар санын екі есе арттырады деп күтілуде. Бұған дейін де Алматы әкімі метрополитеннің екінші кезегін белгіленген мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырған болатын.  Алайда, нақты себептермен өткен жылдың желтоқсанында жолаушылар тасымалдауды бастайды деген жоспар кейінге шегерілді. Бірақ, ең бастысы қауіпсіздік пен сапа екені аян. Осыған орай, Алматы әкі­мі Ахметжан Есімов метро­поли­теннің «Мәскеу» және «Сай­ран» атты екі жаңа бекет­теріне инспекторлық тексеру жүргізіп, оларды пайдалануға беру дайын­дығының жоғары деңгейде екен­дігін атап өтті. Қазіргі кезде бар­лық тестілік тексерулер мен өзге де са­рап­тамалық жұмыстар аяқ­талып қалды, қызметкерлер штаты анықталған. Мегаполис басшысы жо­лау­шылардың қауіпсіздік мәселесіне айрықша назар аударып, жаңа бекеттердің барлық жүйелерін тағы да бір рет жіті тексеріп шығуды тапсырды. Негізінен, барлық тораптар мен агрегаттарды қайта сараптаудан өткізіп, қосу, жіберу мен реттеу жұмыстарының нә­тижесін бақылау қажет екен­дігін айтты. «Мәскеу» және «Сайран» бекеттерінің беріктігі ойдағыдай. Метро – спецификалық көлік, сондықтан мұнда бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жөн», деп атап өтті Ахметжан Есімов. Мегаполис басшысы, жа­ңадан салынған «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылса, мамандардың болжамы бойынша жолаушылар қатары екі есеге артатынын жеткізді. Пайдалануға берілгеніне аз ғана уақыт бол­ғанына қарамастан заманауи және экологиялық қауіпсіз көлік қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығып, еш үзіліссіз қызмет көрсетуде. Мысалы, егер алғашқы кездері метроны тәулігіне 13-14 мың адам пайдаланса, қазір олардың саны 24 мыңға жетіп отыр. Өткен жылдың аяғында тасымалданған жолаушылар саны 20 млн. адам болған. Қазіргі кезде жерасты көлі­гінің ұзындығы 8,56 ша­қырым, «Сайран» және «Мәс­кеу» бекет­тері іске қосылса, оның ұзындығы тағы да 2,74 ша­қырымға ұзаратын болады. Жерасты көлігі тармағын Абай даңғылынан батыс бағытқа Момышұлы көшесіне қарай тарту метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің құрылысын бастаған кезде жүзеге асады, оның құрамында «Family Park» аумағына енетін «Сарыарқа» бекеті мен Абай даңғылы бойымен Момышұлы көшесінің батысын қамтитын «Достық» бекеті болады. Қазіргі таңда мегаполис қала үшін метроны қаланың батыс бөлігіне, шет аудандарына құлаш жайғызу ең көкейкесті мәселелердің қатарында, өйткені, метро стансаларын ұзартудың өзімен қоса көптеген өзекті жәйт­терді реттеуге тигізетін көмегі өлшеусіз. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ. Суреттерді түсірген Дәурен ИСАЕВ.