• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 19:30

Instagram-да жаппай тазарту: Роналду мен Кайли миллиондаған оқырманынан айырылды

10 рет
көрсетілді

Instagram желісінде соңғы күндері жаппай «тазарту» жүріп жатқаны байқалды. Әлем бойынша көптеген қолданушылар бір түннің ішінде жазылушылар саны күрт азайып кеткенін айтып шағымдануда. Бұл жағдай қарапайым адамдардың аккаунттарына ғана емес, танымал жұлдыздарға да әсер еткен. Мысалы, Криштиану Роналду шамамен 8 миллион, ал Кайли Дженнер 14 миллионға жуық оқырманынан айырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғаш болып бұл туралы Threads қолданушылары жаза бастады. Кей адамдардың айтуынша, олар бірнеше мыңнан аса оқырманын жоғалтқан. Ең қызығы – бұл статистикада көрінбейді, тек парақшаны жаңартқан кезде аудитория саны азайып кетеді.

Көпшілік мұны Instagram-ның боттар мен жалған аккаунттарды жаппай өшіруімен байланыстыруда. Пайдаланушылардың пікірінше, мұндай «өлі» аккаунттар статистиканы бұзып, қаралым мен белсенділікке кері әсер етеді. Сондықтан кейбіреулер бұл тазартуды пайдалы өзгеріс деп қабылдаған.

Meta компаниясы бұл жағдайға ресми түсініктеме бермегенімен, шетелдік БАҚ мұндай өзгеріске 2026 жылы енгізілген жаңа жасанды интеллект жүйелерінің қатысы болуы мүмкін екенін жазды.  Аталған технология күмәнді профильдерді, жалған белсенділікті, алаяқтық схемаларды және атақты адамдардың атын жамылған аккаунттарды анықтауға көмектеседі.

Компания мәліметінше, 2025 жылдың өзінде Facebook пен Instagram-нан 159 миллионнан астам күмәнді аккаунт өшірілген. Олардың көбі қолданушылар шағымданбай тұрып-ақ бұғатталған.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында, «жар іздеймін», «күйеу іздеймін», «байыпты қарым-қатынас іздеп жүрмін» деген танысуға шақыратын жазбалар жиілеп кеткендіктен полиция желідегі таныстықтан сақ болуға шақырған еді.

Соңғы жаңалықтар