• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 19:00

Ақмола облысында батырларға арналған музей ашылды

30 рет
көрсетілді

Ақмола облысындағы Родина ауылында Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-тарихи музейінің жаңа филиалы ашылды. Салтанатты шара Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткішке гүл қою рәсімімен басталды. Ескерткіште соғыс жылдары Жеңіске үлес қосқан 130-дан астам ақмолалықтың есімі жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараға Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, облыс әкімі Марат Ахметжанов, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа музей жастарға патриоттық тәрбие беріп, тарихи жадыны сақтауға бағытталған. Мұнда соғыс кезеңіндегі қару-жарақтар, әскери техника, архив құжаттары, жауынгерлік тулар және Ақмола өңірінің тарихына қатысты түрлі жәдігерлер қойылған. Жалпы музейде 100-ден астам экспонат бар, оның ішінде 1939-1944 жылдары шығарылған 16 әскери техника ұсынылған.

Музей «Родина» агрофирмасының басшысы Иван Сауэрдің бастамасымен және Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ашылды. Жобаны жүзеге асыруға әскери музей қызметкерлері, іздестіру жасақтары мен жергілікті тұрғындар атсалысқан.

Салтанатты жиында сөйлеген Дәурен Қосанов мұндай музейлер жастардың Отан тарихын терең түсінуіне және аға буын ерлігін құрметтеуіне ықпал ететінін айтты. Ал Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Әсенов осындай музейлерді болашақта еліміздің басқа ауылдарында да ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Шара шығармашылық концерттік бағдарламамен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар