• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Хоккей Бүгін, 19:53

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында барлық ойында жеңіске жетті

10 рет
көрсетілді

Қазақстан хоккей құрамасы Польшада өткен әлем чемпионатының бірінші дивизионында барлық матчта жеңіске жетіп, элиталық дивизионға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Талғат Жайлауов жаттықтыратын команда топтағы соңғы ойынын Франция құрамасына қарсы өткізді. Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен француз хоккейшісі Флавиан Даир есеп ашса, кейін Дмитрий Бреус таразы басын теңестірді.

Овертаймда жеңімпаз анықталмаған соң матч буллиттер сериясына ұласты. Шешуші сәтте Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен басым түсті.

Турнир барысында қазақстандық хоккейшілер Литваны 4:1, Жапонияны 6:0, Польша құрамасын 3:2 және Украинаны буллиттер сериясында 5:4 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионында бірде-бір матчта жеңілмей, жоғары дивизионға қайта оралды.

Еске салайық, сәуір айында  Астананың «Барыс» хоккей клубында ұзақ жыл өнер көрсетіп, 2007 жылы Қазақстанның үздік хоккейшісі атанған Талғат Жайлауов хоккейден ұлттық құраманың тізгінін ұстаған болатын.

Соңғы жаңалықтар