• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2015

Непал мемлекеті зілзаладан құрбан болғандарды еске алды

438 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 маусым. Непалда 8 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған жойқын зілзаланың басылғанына 2 ай болды. Жер сілкінісінен құрбан болғандарды еске алу шарасына жиналғандар көкке әуе шарларын ұшырды. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Зілзаладан зардап шекендерді еске алу шарасына мыңдаған тұрғын көшеге шығып, әуе шарларын ұшырды. Непал тұрғыны Шилу Адхикэри: «Әр қаза тапқан марқұмға арнап әуе шарын самғаттық. Біз бұл шараны құрбандардың рухын еске алу үшін өткізіп отырмыз. Осы шарларды ұшыру арқылы 8,5 мың марқұмның жаны жай табады деп ойлаймыз», – деді. Естеріңізде болса, Непалда 25 сәуір мен 12 мамыр аралығында болған жер сілкіністерінен 8832 адам көз жұмып, 22 мыңнан астамы жарақат алған болатын. Ал он мыңдай отбасы үй-күйсіз қалды. Айта кетейік, бүгінде жергілікті билік өкілдері 4,5 миллиард доллар көлемінде садақа жинады. Енді осы ақшаны таратып беру немесе мақсатты жұмсау үлкен проблемаға айналуда. Себебі Непалда жемқорлық ушығып, шетелдіктерден жиналған қаражатты қара басының қамы үшін пайдалану көбейген. Соған қарамастан жергілікті билік қаржыны жаңа құрылған мемлекеттік орган мен үйлестіру орталықтары арқылы тең бөліп үлестіруге уәде беріп отыр. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.