• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

40 рет
көрсетілді

Ұлытау облысының Ұлытау ауданында бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтырумен тұрақты айналысуына жағдай жасау мақсатында спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыс жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.

Аудан орталығында балаларға арналған шағын футбол алаңы және көпбейінді ойын алаңы салынды.

Жезді кентінде 160 орындық заманауи қос қабатты дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Онда баскетбол, волейбол және өзге де бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға арналған залдар бар. Аумағы 800 шаршы метрді құрайды.

Борсеңгір ауылдық округінде де көлемі 550 шаршы метр шағын футбол алаңы бой көтерді. Алаңды салуға аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Терісаққан ауылында жабық футбол алаңы пайдалануға берілді. Осы жақсы істің жалғасындай Қоскөл ауылында жаңа воркаут алаңы ашылды.

Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Жаңа нысан алаңында тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына барлық қажетті жағдай жасалған.

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды

Жаңа нысан былтыр пайдалануға берілген жабық футбол алаңының жанынан бой көтерді. Бұл – ауылдағы спорт инфрақұрылымын кешенді түрде дамытуға бағытталған маңызды бастама. Алдағы уақытта аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасады. Аталған орынды ауыл тұрғындары мен жастар жиналатын заманауи спорттық-мәдени демалыс орнына айналдыруды жоспарлап отыр.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар