• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2015

Мемлекеттік қызметшілер емес, кәсіби спортшылар болып шықты

340 рет
көрсетілді

Жақында Тараз қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиа­да дүркіреп өткен болатын. Осы бәсекеде Т.Рысқұлов ауданынан келген команда ерекше ойын өрнегімен көзге түсіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген еді. «Шіркін, Құлан өңірінің жігіттерін қарашы, қызметте де, спортта да жүйрік екен» десті жұрт. «Бақсақ бақа екен» демекші, спартакиадада өнер көрсеткендер мемлекеттік қызметші емес, кәсіби спортшылар болып шықты. Спартакиаданың қорытынды есебіне сәйкес, Т.Рысқұлов ауданынан қатысқан спорт­шылардың арасынан мемлекеттік қызметші еместігі анықталып, бірқатар азаматтар жарыстан шеттетілген. Мысалы, ұйымдастырушылар жарыс кезінде мемлекеттік қызметші болып табылмайтын азаматша С.Скребецті «Қа­рақыстақ», азаматша Н.Дзю­бинаны «Но­восель» ауылдық округтері аппа­рат­тарының мамандары ретінде қатысқандығын, олардың қолында «қызметтік куәліктің» болғандығын анық­таған. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.