Meta компаниясы жасанды интеллект бағытына басымдық беріп, компания құрылымын өзгертіп жатыр. Компания 8 мың қызметкерін жұмыстан шығарып, тағы 7 мың қызметкерін жаңа жасанды интеллект бағытындағы бөлімшелерге ауыстырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар Цукербергтің басқаруындағы компания ішкі құрылымда ЖИ негізінде жұмыс істейтін өнімдер мен сервистерді әзірлеуге арналған төрт жаңа бағыт құрған.
Компания қызметкерлеріне 20 мамыр күні үйден жұмыс істеу ұсынылып, кадрлық шешімдер туралы хаттарды күту тапсырылған. Бірқатар ауыстырулар алдын ала жүзеге асқан.
Meta негізін қалаушы Марк Цукерберг жасанды интеллекттіні «бүгінгі заманның ең маңызды технологиясы» деп атап, осы салада көшбасшы компаниялар келешек индустрияның бағытын айқындайтынын мәлімдеді.
Илон Маск OpenAI-ға қарсы сотта жеңіліп қалды
Қайта құрылымдау процесі сәуір айында басталған жаппай қысқарту шараларының жалғасы болып отыр. Ол кезде компания 8 мың қызметкерді қысқартып, қосымша 6 мың бос жұмыс орнын тоқтататынын хабарлаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа технология бағытында ең қымбат компания саналған Nvidia-ның жылдық табысы Германия экономикасынан асып түскендігін жазған болатынбыз.