АСТАНА. 28 маусым. Үндістанның Гуджарат штатында толассыз жауған жаңбыр соңы селге ұласып, қатты тасқын салдарынан 80-ге жуық адам қаза болды. Бұл туралы 24today.net хабарлады.
Табиғи апат құрбандарының дені лай көшкіні мен үйлердің құлауы кезінде көз жұмған. Құтқарушылар апат аймағынан 9 мыңға жуық халықты қауіпсіз жерге көшірді.
Айта кетейік, жақында ғана бұл ел аптап ыстықты бастынан өткерген еді. Ең жоғары ауа температурасы бір ай бойы сақталып тұрды. Соның салдарынан ыстыққа шыдамай 2 400 адам қаза болды.
Күн өтіп, аптап ыстықтан зардап шеккендер санының тым көптігіне байланысты жергілікті ауруханаларда жоғары дайындық режімі жарияланған болатын. Қаза болғандардың басым бөлігі – жасы 50-ден асқандар. Оларға аптап ыстықтан қызмет түріне байланысты көшедегі жұмыстарын тоқтатуға тура келген.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: 24today.net.