АЛМАТЫ. 28 маусым. Алматыда атысқа ұласқан қуғынның соңы көлік апатымен аяқталды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, жол ережесін өрескел бұзған Volkswagen автомобилінің жүргізушісі полицияның ескертуіне тоқтамай, жылдамдығын үдетіп, қаша жөнелген. Қуғын кезінде күдікті полиция қызметкерлеріне қарсы оқ атқан болып шықты. Қашқын көлік Торайғыров пен Мұстафин көшелерінің қиылысында аударылып тоқтады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.