• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2015

«Атырау» футбол клубының экс-басшысы 7 жылға сотталды

180 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 маусым. Атырау қалалық №2 соты «Атырау» футбол командасының бұрынғы директоры Арман Үмбетәлиевке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы КазТАГ хабарлады. Сот Үмбетәлиевті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы бойынша («Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену») кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынн айырды. Сотталушы жазасын жалпы режімдегі колонияда өтейтін болады. Сондай-ақ, сот шешімімен ол материалдық жауапкершілікке қатысты лауазымды қызметтен 4 жылға аластатылды. Одан бөлек, жеке өзіне тиесілі мүліктері тәркіленді. Жаза мерзімі осы жылдың 26 маусымынан бастап тағайындалды. Сотталушының 15 күннің ішінде қайта шағымдануға құқы бар. Сонымен қатар, сот Үмбетәлиевтен мемлекетке келтірген шығыны үшін 25 млн. 617 мың 526 теңге өндіріп алу және оның 768 мың 526 теңге көлемінде мемлекеттік баж төлеу туралы шешім шығарды. Айта кетейік, Арман Үмбетәлиев «Атырау» футбол командасын 2011-2013 жылдары басқарды. Ақпарат құралдарындағы деректерге сүйенсек, ол клубқа облыстық бюджеттен бөлінген миллиондаған теңгені жымқырды деп айыпталды. Еламан Қоңыр. Дерек: КазТАГ. Сурет: akm.sud.kz.