Гамбург портындағы жүк кемесінде шыққан өрт салдарынан 8 адам, оның ішінде бір өрт сөндіруші ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт жексенбі күні түстен кейін тұтанған. Зардап шеккен 7 адам ауруханаға жеткізілсе, тағы біріне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Астанада балалар ауруханасы өртенді: Науқастар шұғыл эвакуацияланды
Өртті сөндіруге кәсіби өрт сөндіру қызметінің, ерікті өрт сөндірушілер құрамасының және авариялық-құтқару қызметтерінің шамамен 80 қызметкері жұмылдырылды. Өрт шамамен үш сағаттан кейін толық сөндірілді.
Түркістанда тұрғын үй аумағынан өрт шықты
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, Филиппин астанасы Маниланың халқы тығыз қоныстанған кедей аудандарының бірінде өрт шықты. Жүздеген отбасы үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды.