• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2015

Біз де үлес қоспақпыз

286 рет
көрсетілді

Елбасының Ұлт жоспары – 100 қадам бағдарламасында еліміз­дің әл-ауқатын арттыруға жаңа идеялар мен жаңа жобалар­дың қажет екендігі айтылған. Осы іске Круглоозерный психонев­рологиялық медициналық әлеу­меттік мекемесі де өз үлесін қосып келеді деп айтуға болады. Өйткені, мекемені қаржылан­дыру үшін басшымыз Қайреден Жақсығұлов, мемлекетке алақан жаймай-ақ, бірқатар жұмыстарды қолға алуда. Мекемеге қажетті төсек-орын жапқыштарын тіктіруге маталар сатып алынып, тігін цехында 379 қамқорланушының төсек жабдықтары тігілуде. Цехқа 6 су жаңа тігін машинасын алдырып, цехтың аумағын кеңейтіп, қамқорланушыларды жұмысқа тартуда. Еңбек нұсқаушысы Ботакөз Ахметқалиева мекемедегі І және ІІ топ мүгедектерге жұмыстың қыр-сырын үйретіп келеді. Жүннен түрлі көрпелер жасап, қолғаптар тоқыттырып, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен кенттегі көпбалалы отбасыларына көмек ретінде таратып отырады. Мекеме басшылығы қамқор­ланушылар үшін арнайы жер алып, жазғы лагерь ашты. Бұл республика көлемінде әлі қолға алынбаған жоба болып табылады. Осы жерде қамқорланушылар бау-бақша егіп, жинаған өнімдерін өздерінің күнделікті ас мәзіріне пайдаланып келеді. Спортпен шұғылдануға да жақсы жағдай жасалған. Осылайша, мекеме қызметкерлері қамқорланушылардың көңілінен шығып, олардың уақыттарының тиімді өтуіне барынша атсалысып жүр. Болғанай БЕКМАШЕВА, мекеме қызметкері. Батыс Қазақстан облысы.