• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 10:35

Алматыда 56 құрылыс компаниясы жалған құжатпен тендерге қатысқан

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қалалық департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметінше, «КазСтройОпыт LTD» компаниясының басшысы консалтингтік қызмет көрсетуді сылтау етіп, құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін қолдан жасау схемасын ұйымдастырған.

Күдіктілер «Электрондық депозитарий» жүйесіне орындалған жұмыстар мен нысандарды пайдалануға беру туралы жалған актілер енгізіп отырған. Соның арқасында тапсырыс беруші компаниялар мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде заңсыз артықшылыққа ие болған.

Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды

Аталған схема әлеуметтік желілер мен интернет платформаларда белсенді түрде жарнамаланған.

Тергеу барысында қылмыстық топ құрамында 11 адамның болғаны анықталды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы лауазымды тұлғаларына жалған жұмыс тәжірибесін растау үшін заңсыз сыйақы жеткізіп отырған делдалдар да анықталған.

Қылмыстық табысты заңдастыру үшін бақылаудағы заңды тұлғалар пайдаланылып, олар арқылы қаражат жиналып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Тергеу дерегіне сәйкес, қылмыстық кіріс көлемі 490 миллион теңгеден асқан.

Сайлау жүйесіндегі жаңа талап: Жемқорлықпен сотталғандар комиссия мүшесі бола алмайды

Сонымен қатар, жалған тәжірибе құжаттарын алған және мемлекеттік сатып алуға қатысқан 56 компания анықталды. Олардың материалдары тексеру жүргізу үшін уәкілетті органдарға жолданған.

Қазір үш күдікті қамауға алынса, тағы сегіз адамға елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар