• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Кеше

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 479,06 теңге болса, сату бағасы 485,94 теңгеге жеткен.

Еуро 556,01-568,86 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал рубльдің бағамы 6,45-6,75 теңге деңгейінде сақталып отыр.

Алматы қаласындағы айырбастау орындарында доллар 479,71 теңгеден сатып алынып, 483,59 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 560,26-566,94 теңге аралығында болса, Ресей рублі 6,52-6,67 теңге шамасында саудаланып жатыр.

Қаржы нарығы: доллар бағамы қандай болмақ?

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, бүгінгі ресми бағам бойынша 1 доллар – 485,55 теңге, 1 еуро – 563,38 теңге, ал 1 рубль – 6,81 теңгені құрайды.

Айта кетейік, 28 мамыр күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,54 теңгеге өсіп, 485,55 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар