• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2015

Петропавлда ойын-сауық кешені мен көпқабатты тұрғын үй өртке оранды

341 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 29 маусым. М.Жұмабаев пен К. Сүтішев көшелерінің қиылысында дәмхана, балалар орталығы, сауда нүктелері орналасқан еңселі ойын-сауық кешені алапат өрт құшағына оранды.Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі депараменттің мамандары хабарлады. Қызыл жалын 27 маусым күні сағат 12-30-да басталып, 4 сағатқа созылған. Осы уақыт аралығында 22 техника мен 70-ке жуық адам жұмылдырылса да, 3 қабатты ғимараттты сақтай алмады, түгелге жуық жанып кетті.  Көтерілген желдің салдарынан «тілсіз жау» көрші 5 қабатты тұрғын үйге «ауыз салып», несиелік қаражатқа күрделі жөндеуден өткен шатырды жалмап түсті. Осында тұратын 100-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерлерге шығарылып, пәтерлер газ баллоны, электр құралдары секілді жарылғыш заттардан залалсыздандырылды.   Басқа да шаралар жіті ұйымдастырылды. «Адам шығыны жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Түрлі жорамал болғанымен, тексеру-амалдарының қорытындысы бойынша нақты шешім алынады», дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Евгений Журавлев. Өмір Есқали. Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті. Сурет: egemen.kz