• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстанда республикалық Мағжан оқулары ұйымдастырылды (фото)

600 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 29 маусым. Ақынның туған жері – Cарытомар ауылында республиканың жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицейлердің 5-11-сынып оқушылары арасында Мағжан оқулары өтті. 3 аталым бойынша 40 үміткер бақ сынады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары хабарлады. Байқау басталар алдында ақиық шайырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, мұражайына танымдық экскурсия жасалды. «Мағжан аллеясына» ағаш көшеттері отырғызылып, Тұран» киностудиясы түсірген «Мағжан» фильмі тамашаланды. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» атты ақын шығармаларын жатқа оқу аталымы бойынша бас жүлдені Қостанай облысынан келген Мейірімханова Нұрсыйла (Қостанай) жеңіп алды.  Бірінші орынға Каденова Елдана (ОҚО), екінші орынға Омарғалиев Тимурбек (Ақтөбе), Есетжанова Шынар (Маңғыстау) ие болды. «Толқынмен толқын сырласып...» атты М. Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша зерттеу және шығармашылық жұмыстар аталымында бірінші орынға   Исатай Бейбарыс пен Нурвакилов Ринат (Астана қаласы) көтерілді. Екінші орынды Айдана (СҚО) мен Асқарұлы Айтуған (Атырау) бөлісті. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас дарындар сайысында М.Жұмабаев ауданы әкімінің арнайы жүлдесі Еламан Төлеутайға (Павлодар) бұйырды.  Бірінші орынға   Құрмаш Дәулет (СҚО) лайық деп танылды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы.