2025 жылы республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, трансферттерді есептемегенде республикалық бюджеттің меншікті кірістері 15,3 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 1,8 трлн теңгеге артқан.
«Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті. Жалпы өсім корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша түсімдердің ұлғаюы, импорттың өсуі, сондай-ақ әкімшілендіру тиімділігінің артуы есебінен қамтамасыз етілді», деді министр.
Мәди Тәкиевтің сөзінше, корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 880 млрд теңгеге өсіп, 4,5 трлн теңгеге жеткен. Ал қосылған құн салығы 932,5 млрд теңгеге артып, 6,1 трлн теңгені құраған.
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Министр мемлекет бизнес алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастырып жатқанын атап өтті. 2025 жылы бюджеттен 1 трлн 354 млрд теңге қосылған құн салығы қайтарылған. Осылайша ел қазынасына өткен жылмен салыстырғанда 138 млрд теңге артық қаражат түскен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге өскенін мәлімдеді.