• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті

2025 жылы аграрлық секторды қаржыландыру 172 млрд теңгеге ұлғайып, 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл қаражат егіс науқанын қолдауға, дәнді және майлы дақылдардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ су инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруға мүмкіндік берді. Мұндай деректерді Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев келтірді, деп жазады Egemen.kz.

«Аграрлық секторға ерекше назар аударыла отырып, 2025 жылы оны қолдауға 1,1 трлн теңге бағытталды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 172 млрд теңгеге артық. Форвардтық сатып алулар үшін 346,2 мың гектар егіс алқабы бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 25,9 млн тонна астық, оның ішінде 19,3 млн тонна бидай бастырылды», деді Мәди Такиев. Аграрлық салада ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану жобасы іске асады 

Сондай-ақ 4,9 млн тонна майлы дақылдар, 3,6 млн тонна арпа, 1 млн тонна жүгері, 525,9 мың тонна күріш, 1 млн тоннаға жуық бұршақ дақылдары және 76,7 мың тоннадан астам қарақұмық жиналды.

«Күнбағыс егіс алқабы 1,5 есеге – 1,2 млн гектардан 1,7 млн гектарға дейін өсті, бұл күнбағыс майын өндіруді 17,5%-ға, яғни 752,1 мың тоннаға дейін ұлғайтуға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік берді. Күнбағыс майының экспорты 24%-ға, яғни 219,3 мың тоннаға дейін өсті», деп атап өтті Қаржы министрі. Егін шаруашылығын дамытудағы басым міндеттер нақтыланды

Оның айтуынша, су инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. 2025 жылы 1840 шақырым суару каналдары тазартылып, 680 шақырым суару желісі қайта жаңартылған және 375 гидротехникалық нысан жөнделген.

«Үкімет үшін бюджеттің орындалуы тек игеру пайызы бойынша ғана бағаланбауы өте маңызды. Басты критерий – азаматтар мен бизнес және өңірлер үшін нақты нәтижеге қол жеткізу», деп атап өтті Мәди Такиев. Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Соңғы жаңалықтар