• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Маусым, 2026

Coca-Cola Belesteri: Әйелдер мен жастарға 1 млн теңгеден 10 грант беріледі

15 маусым мен 28 желтоқсан аралығында ел тұрғындары бизнес негіздерін тегін оқып, жасанды интеллект бойынша курстан өтіп, өз ісін бастауға арналған грантты ұтып алу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Coca-Cola Belesteri әлеуметтік жобасы 14 маусымнан басталғанын жариялады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 15 маусым мен 28 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Маусымның басты жаңалығы − Бизнес-идеялар байқауы басталады. Бұл байқауда әйелдер мен 30 жасқа дейінгі жастар арасынан іріктелген 10 жеңімпаз өздерінің алғашқы бизнесін ашуға немесе дамытуға 1 миллион теңге көлеміндегі грантқа ие болады. Көптеген қатысушылар үшін бұл кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қаржылық қолдау болмақ.

CCB білім беру бастамасы цифрлық инновациялық платформасына негізделеді, ол кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқытудан бастап, грант алу мүмкіндігі бар үздік бизнес-идеялар байқауына қатысуға дейінгі «өсу баспалдақтары» жүйесін ұсынады. Жоба өткен жылдары оқудан өткен қатысушыларға бизнес-акселерация бағдарламалары мен ақпараттық материалдар арқылы қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, жоба сайтының маркетплейсі Қазақстан өңірлерінен жергілікті серіктестер табуға мүмкіндік береді.

«14 жылдық тәжірибе көрсеткендей, сенімді серіктестің қолдауы болған жағдайда, білім нақты жұмыс істейтін бизнеске айналады. 2026 жылғы маусымда технологиялар мен нақты қолдауға басымдық беріледі. Жасанды интеллект бойынша курс пен 1 миллион теңгелік грант сенімді бастау мен өсу құралдарына айналмақ», деп атап өтті жоба ұйымдастырушысы, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

2025 жылы жобаның білім қоры қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа бейнесабақтар сериясымен кеңейтілді. CCB білім беру экожүйесі тәжірибелік қолдану мен қолжетімділік қағидаттарына негізделген. Контент өзектілігін сақтау мақсатында жоба оқу материалдарын тұрақты түрде жаңартып отыратын жетекші салалық сарапшыларды тартады.

2026 жылғы білім беру маусымының жаңалығы: барлық қатысушыларға шектеусіз түрде «Шағын бизнеске арналған жасанды интеллект» курсы қолжетімді болады. Тәжірибе барысында нейрожелілерді маркетингте, контент жасауда, сатылымда және күнделікті жұмысты автоматтандыруда қалай қолдану керектігі қарастырылады.

1 миллион теңгелік грантты қалай алуға болады?

Әйелдерге арналған Business Qumyz бағдарламасының немесе 30 жасқа дейінгі жастарға арналған Business Orken бағдарламасының оқу курсынан өту қажет. Бағдарлама соңында қорытынды сертификат алу керек. 28 желтоқсанға дейін бизнес-идеяңызды байқауға өткізу қажет. Ең үздік 10 жобаны сарапшылар іріктейді.

«Кока-Кола Қазақстан Belesteri жобасын қолдайды, себебі әйелдер мен жастар кәсіпкерлігінің күшіне сенеді. Бұл − елдің тұрақты дамуына салынған инвестициялар. Біз жыл сайын көптеген қатысушының білім алып қана қоймай, өз идеяларын жүзеге асыруға арналған бастапқы капиталға ие болатынына қуаныштымыз», деп атап өтті Coca-Cola компаниясының Орталық Азия және Кавказ өңіріндегі үкіметпен байланыс, коммуникациялар және орнықты даму жөніндегі аға директоры Александра Аккирман.

Өтінішті мына сайт арқылы беруге болады.

Өтінімдер 2026 жылғы 15 маусым мен 28 желтоқсан аралығында қабылданады.

Coca-Cola Belesteri − Қазақстандағы халықтың экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған ең танымал әрі тұрақты әлеуметтік жоба. Ол тегін оқыту және грант алу мүмкіндігін ұсынып, шағын бизнесті дамытуға әрі экономикалық белсенділікті арттыруға көмектеседі. Бұл өңірлердегі кедейлікті азайтып, адамдарға өз күшіне сенуіне мүмкіндік береді.

2012 жылдан бері «Кока-Кола Қазақстан» ЖШС қолдауымен «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры әйелдер мен жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған экожүйені қалыптастырды. 2012-2025 жылдар аралығында жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне 157 мыңнан астам әйел оқытылды, 178 грант берілді, сондай-ақ жоба қатысушылары 13 300-ден астам жұмыс орнын ашты. 

Бағдарламаның тиімділігі қатысушылар өміріндегі сапалық өзгерістермен расталады. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, түлектердің 13%-ы бизнесті жаңадан ашқан, ал 15%-ы қолданыстағы кәсіптерін кеңейтіп, алған білім мен қолдаудың арқасында табысын арттырған.

2025 жылы кәсіпкерлік бастамалар көбейді. Жоба тарихындағы Бизнес-идеялар байқауына түскен барлық өтінімдердің ішінде 21%-дан астамы дәл осы кезеңде берілген. Бұл әр 5 бизнес-идеяның біреуі дәл 2025 жылы қатысушылар тарапынан ұсынылғанын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар