Қазақстанның әлемдік рейтингтегі екінші ракеткасы Елена Рыбакина Instagram парақшасын өшіріп тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннисшінің жанкүйерлері әуелі оның аккаунтындағы барлық жарияланымдардың жоғалғанын, кейіннен парақшада аккаунттың өшірілгені туралы хабарлама пайда болғанын байқаған. Кейбір болжамдарға қарағанда, Елена бұл шешімді Лондонда өткен WTA 500 турниріндегі сәтсіз өнерінен кейін қабылдауы мүмкін. Себебі ол жарыстың басты фавориттердің бірі саналған еді.
Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді
Қазіргі уақытта спортшының өзі де, оның өкілдері де бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Парақша өшірілгенге дейін оған шамамен 906 мың адам жазылған болатын.
Сенсациялық жеңіліс: Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» екінші айналымынан аса алмады