• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Маусым, 2026

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктерге зақым келді

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, салдарынан жеңіл көліктерге зақым келтірілді. Зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген шығынды мердігер ұйым өтеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» мекемесінің мәліметінше, оқиға Алматы – Шелек – Қорғас автожолында ауыр жүк көлігі өткеннен кейін болған.

Алдын ала деректер бойынша көлік жүктемесінің әсерінен жолдың бетон жабындысының бір бөлігі бұзылған. Кейін осы учаскеден өткен бірнеше жеңіл автокөлік дөңгелектерін зақымдап алған.

Оқиға салдарын жол қызметтері мен мердігер ұйым жедел түрде жойды. Жол учаскесі нормативтік талаптарға сай қалыпқа келтіріліп, көлік қозғалысы штаттық режимде қайта ұйымдастырылды.

Зардап шеккен көлік иелеріне келген шығынды мердігер компания толық өтеген. Сонымен қатар полиция департаменті аталған ұйымға айыппұл салды.

Еске салайық, былтыр жыл соңында елімізде 13 мың шақырым автожол жөнделгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар