112 қызметіне Семей қаласында Ертіс өзені үстіндегі аспалы көпірінен адамның суға құлағаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қайықтар мен ұшқышсыз ұшу аппараты, дрон тартылды.
Жедел жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде 1999 жылы туған азамат Ертіс өзенінің Бобровка ауданынан табылып, құтқарылды.
Құтқарылған азамат медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.