Норвегия футбол құрамасы биылғы әлем чемпионатында Иракты 4:1 есебімен ұтып, алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Кездесудің басты кейіпкері – дубль жасаған шабуылшы Эрлинг Холанд болды. Сондай-ақ Лео Эстигор мен Кристиан Торстведт мергендігімен көзге түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Норвегиялықтар матчты белсенді бастап, қарсылас қақпасына жиі қауіп төндірді. Бұл әрекет 29-минутта нәтиже берді. Антонио Нуса мен Александер Сёрлот ұйымдастырған шабуылды Эрлинг Холанд сәтті аяқтап, есеп ашты.
Алайда Ирак құрамасы көп күттірмей жауап қатты. 40-минутта Аймен Хуссейн айып алаңындағы тартыста жеңіске жетіп, допты қақпаның жоғарғы бұрышына дәл бағыттап, таразы басын теңестірді.
Үш минуттан кейін Эрлинг Холанд тағы да көзге түсті. Ирак қорғаушыларының қателігінен кейін доп шабуылшыға тиіп, қақпаға енді. Осы голдың арқасында Норвегия бірінші таймды басымдықпен аяқтады.
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды
Үзілістен кейін Ирак есепті теңестіруге тырысқанымен, мақсатына жете алмады. 76-минутта бапкерлер штабы жасаған ауыстыру есепті еселей түсті. Мартин Эдегор бұрыштамадан доп асырса, Лео Эстигор баспен соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.
Матч соңында, қосымша уақыттың 90+7-минутында Кристиан Торстведт нәтижелі шабуылды түйіндеп, қорытынды есепті 4:1 етіп белгіледі.
Осы жеңістің арқасында Норвегия алғашқы үш ұпайын еншілеп, топтағы көшбасшылар қатарына шықты.
Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті
Бұған дейін Бельгия мен Египет құрамасы арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, G тобындағы төрт құрама да алғашқы турдан кейін бір-бір ұпайдан еншіледі.