Шри-Ланканың бұрынғы президенті Махинда Раджапакстың екінші ұлы – Йошита Раджапакса қамауға алынды. Ақпаратқа сәйкес, оны елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы айыптауларды тергеу комиссиясы (CIABOC) ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін Йошита Раджапакса тергеуге байланысты комиссияға келіп, Шри-Ланка Әскери-теңіз күштеріне қызметке қабылдануы және Ұлыбританиядағы Корольдік әскери-теңіз академиясында оқуы бойынша жауап берген.
Дереккөздер бұл іс антикоррупциялық орган жүргізіп жатқан кең ауқымды тексерудің бір бөлігі екенін айтады.
Қазіргі уақытта оған тағылған айыптардың нақты мазмұны мен қамауға алу себептері жарияланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Ермак қамауға алынды.