• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Мамыр, 2015

Жамбылда Шорабек Айдаровтың мерейтойына орай айтыс өтті (фото)

637 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 15 мамыр. Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы – Қаратау қаласында белгілі айтыс ақыны Шорабек Айдаровтың 60 жасқа толуына орай республикалық айтыс өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Шоқ тілді шайыр – Шорабек» атты бұл жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 20 айтыскер қатысты. Айтысқа елімізге белгілі азаматтар Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабеков, ақындар Қайырбек Асанов, Шырын Мамасерікова, жазушы Көсемәлі Сәттібай қазылық етті. Бір күнге созылып, Талас жерін жырға бөлеген бұл доданың бас жүлдесіне Айнұр Тұрсынбаева лайық деп танылды. Бас жүлдегерге 1 миллион теңге табыс етілді. Бірінші орынға астаналық Серікзат Дүйсенғазин, екінші орындарға Алматы облысынан келген Айтақын Бұлғақов пен жамбылдық Алтынкүл Қасымбекова, ал үшінші орындарға шымкенттік Ақмарал Леубаева мен жамбылдық Күміскүл Сәрсенбаева ие болды. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов пен Талас ауданының әкімі Болат Рысмендиев той иесін арнайы құттықтап, ақ боз ат мінгізді. Ал, тараздық кәсіпкер Шорабаев Айдаровқа темір тұлпардың кілтін табыс етті. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz.